Сөзі мен әнін
жазған М.Қарасартов
(Алғашқы
орындаушы Т.Ыдырысов)
Ән Қарағанды қаласының 70 жылдық
мерейтойына арналып, жүлделі орынға ие болған.
Аппақ атам тауып берген ел үшін,
Қарагандым- қара алтынды кенішім.
Мерей тойың құтты болсын құт қалам,
Жасампаздық жемісің мен жеңісің.
Қайырмасы:
Жазар жырым,
Салар әнім,
Қазыналым,
Қарағандым.
Жасай бергін
Қанат жайып,
Қона берсін
Бақыт, байлық
Кеңді қалам,
Сәнді қалам.
Ән арнаймын,
Мәңгі саған!
Қарағандым- қазыналы өлкем сен,
Шаттанамын күннен күнге көркейсең.
Қалай ғана жырламаймын мен бүгін,
Сенде туып, өсіп-өніп, есейсем.
Қайырмасы:
Күл төбелер гүлзар баққа айналған,
Бақыт құшты көмір шапқан қайламнан.
Астана мен Алматының арасын
Жалғастырып жатқан менің бай қалам!
Комментариев нет:
Отправить комментарий