Популярные сообщения

Translate

вторник, 3 декабря 2013 г.

Алғашқы қар жауғанда



Қарашада қар жауып тұр,
Аппақ әсем түйіршік.
Сыртқа шығып қайтайық бір,
Қане достым,жүгір шық.

 Алғашқы қар биылғы,
Сондай таза, ақ қандай.
Мол қуаныш жан-күйінді,
Жайлап бара жатқандай.

Көрінбейді сұр аспаннан,
Қара бұлттың шарбысы.
Өктем шығар сауысқаннан,
Қарғалардың дауысы.
 
Бұтақтары аршалардың,
Желпінгендей ырғалып.
Ұмыт болып шаршағаның,
Кеудең толып нұрға анық.

Күздің көркін келтіргендей,
Қарашаның қары аппақ.
Қошқыл мұндар серпілгендей,
Жарқын күнді мадақтап.

Қалықтайды ақ ұлпалар,
Желсіз ауа тербетіп.
Орағандай ақ лыпаға,
Ағаштарды кем-кетік.

Тоғай бойын безендірген,
Жамылғынның түсі аппақ.
Жас қайынды көзім көрген,
Жыр жазамын құшақтап.

Неткен ғажап аппақ түсті,
Бала күннен сүйдім мен.
Осылайша келген қысты,
Қарсы аламын бір күймен.

Шаттанамын ұйпап қарды,
Жас баладай кенелем.
Арбасында ұйықтап қалды,
Биыл түған немерем...


Қарашада қар жауып тұр,
Аппақ әсем түйіршік.
Сыртқа шығып қайтайық бір,
Қане достым,жүгір шық.

 Алғашқы қар биылғы,
Сондай таза, ақ қандай.
Мол қуаныш жан-күйінді,
Жайлап бара жатқандай.

Көрінбейді сұр аспаннан,
Қара бұлттың шарбысы.
Өктем шығар сауысқаннан,
Қарғалардың дауысы.
 
Бұтақтары аршалардың,
Желпінгендей ырғалып.
Ұмыт болып шаршағаның,
Кеудең толып нұрға анық.

Күздің көркін келтіргендей,
Қарашаның қары аппақ.
Қошқыл мұндар серпілгендей,
Жарқын күнді мадақтап.

Қалықтайды ақ ұлпалар,
Желсіз ауа тербетіп.
Орағандай ақ лыпаға,
Ағаштарды кем-кетік.

Тоғай бойын безендірген,
Жамылғынның түсі аппақ.
Жас қайынды көзім көрген,
Жыр жазамын құшақтап.

Неткен ғажап аппақ түсті,
Бала күннен сүйдім мен.
Осылайша келген қысты,
Қарсы аламын бір күймен.

Шаттанамын ұйпап қарды,
Жас баладай кенелем.
Арбасында ұйықтап қалды,
Биыл түған немерем...

«Мәңгі жырым -Қарағандым»



Сөзі мен әнін жазған М.Қарасартов
(Алғашқы орындаушы Т.Ыдырысов)
Ән Қарағанды қаласының 70 жылдық мерейтойына арналып, жүлделі орынға ие болған.

Аппақ атам тауып берген ел үшін,
Қарагандым- қара алтынды кенішім.
Мерей тойың құтты болсын құт қалам,
Жасампаздық жемісің мен жеңісің.

Қайырмасы:
                     Жазар жырым,
                     Салар әнім,
                      Қазыналым,
                      Қарағандым.
                                 Жасай бергін
                                 Қанат жайып,
                                 Қона берсін
                                 Бақыт, байлық
                 Кеңді қалам,
                 Сәнді қалам.
                 Ән арнаймын,
                 Мәңгі саған!

Қарағандым- қазыналы өлкем сен,
Шаттанамын күннен күнге көркейсең.
Қалай ғана жырламаймын мен бүгін,
Сенде туып, өсіп-өніп, есейсем.

Қайырмасы:

Күл төбелер гүлзар баққа айналған,
Бақыт құшты көмір шапқан қайламнан.
Астана мен Алматының арасын
Жалғастырып жатқан менің бай қалам!

Бүгінде мағынасы молайған мақал-мәтел, нақыл сөздер (Әзіл, шыны аралас)


    1. Бұрында «Қойшы көп болса, қойды қасқыр жейді» деуші еді, бүгінде көп қой бірігіп қасқырды жеп қоятын болды.
       2. «Ақсақ қой түстен кейін маңырайды» деуші еді, бүгінде ол түске дейін де маңырайтын болды.
   3. «Өлі арыстаннан тірі тышқан артық» деуші еді,  бүгінде тірі тышқандарың тірі арыстаннан да қорықпайтын болды.
    4. «Төркіні жақын қыздың төсегі жиылмайды» деуші еді, бүгінде қыздар төркінінен оралмайтын болды.
       5. «Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық» деуші еді, бүгінде күйеу бір жылдық, құдалар араласпай кететін болды.
      6. «Болар елдің баласы  он бесінде Баспын дер» деуші еді, бүгінде он бесінде Бас болғандар тоқсанында жаспыз дейтін болды.
      7. «Қанағат қарын тойғызады» деуші еді, бүгінде ол қарынға ғарыш айлағы да сиып кететін болды.
       8. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деуші еді, бүгінгілердің барлығы тек қана сұлтан болғылары келеді.
      9. «Семіздікті қой ғана көтереді» деуші еді, бүгінде сол қойлардың өзі шетел асып кетуді армандайтын болды.
1     10.   «Ескі байдан күдер үзбе, жаңа байдан қарыз алма» деуші еді, бүгінде ескі байлар естелік жазатын жазушы, жаңа байлар жаңалық ашатын ғалым атанып жүр.
     11. «Қоянды қамыс, батырды намыс өлтірер» деуші еді, бүгінде қоянды қожайыны, батырды танысы өлтіретін болды.
    12. «Байтал шауып, бәйге алмайды» деуші еді, бүгінде айтыстан бастап Олимпиядаға дейін қатысып, бәлен көлік, бәлен алтын алып жүргендерге не дерсің ?..
      13.   «Көш жүре түзеледі» деуші еді, көше-көше ауылдарда кісі қалмайтын болды.
     14.   «Арық айтып семіз шық» деуші еді, бүгінде тек семіз айтамыз деп арықтап бара жатырмыз.
    15.   «Ағасы бардың жағасы бар» деуші еді, бүгінде бір Алладан жәрдем болмаса, жағаңнан жел өтіп кетеді.
     16.   «Інісі бардың тынысы бар» деуші еді, бүгінде қолыңда ептегең билігің болмаса, ініңнің сенімен жұмыса да болмайды.
     17.   «Шешесіне қарап қызын ал» деуші еді, бүгінде жігіттер қыздардың мінген көлігі мен тұратын көшесіне қарайтын болды.
     18.   «Ит үреді, керуен көшеді» деуші еді, бүгінде бір иттің әрекетінен пойыздар жолдан шығып, ұшақтар құлайтын жағдайлар кездесіп тұрады.
    19.   «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» деуші еді, бүгінде ала қойға қара қойды қоса қырықсаң да жүнін кәдеге жарата алмайсың.
    20.   «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» деуші еді, бүгінде үндемейтіндер ең ақылды, кемеңгер адам болып саналуда.


21. «Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деуші еді, бүгінде құлақтарының үлкендігінен қазандардың нобайын әрең көресің.
22. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» деуші еді, бүгінде иті түгілі иесінде де ұят дегенің азайып бара жатыр ма деп ойлайсың.

23. «Тура биде туған жоқ» деуші еді, бүгінде  үлкен –үлкен мекемелерден сол бұрынғы билердің балалары мен жұрағаттарын көптеп кездестіресің.

24. «Туғанды биде иман жоқ» деуші еді, бүгінде одан да ауыр мәселелерді бір, екі рет қажылыққа барып шешіп келуге болатын сияқты.

25. «Жігіттің жақсысы нағашыдан» деуші еді, бүгінде жақсы нағашылар жиендерін, жақсы жиендер нағашыларын танымай бара жатыр.

26. «Бөрі арығын білдірмейді» деуші еді, бүгінде аштықтан ұлып кетсең де жемтікпен қарасатын ұялас табу қиындап барады.

27. «Өнер алды қызыл тіл» деуші еді, бүгінде сөз бен тілді құрметтеу тек бала бақша мен бастауыш сыныптарда ғана орындалатын секілді.

28. «Иесі жаман үйді қонағы билейді» деуші еді, бүгінде төбемізге шыққандарды да қонақжай елміз ғой деп кешіріп, шыдай береміз, шыдай береміз... 29. «Не ексең, соны орасың» деуші еді, бүгінде арпа, бидай түгісін, сайын даланың қарағанын сатып алатын болдық. 

30. «Бір шал, бір шалды ата депті» деуші еді, бүгінде ата түгілі әке атанбай зейнет жасына жететіндер көбейіп бара жатыр.

31. «Өгізге туған күн бұзауға да туады» деуші еді, бүгінде бұзаулар өгіз де,бұқа да болғылары келмейді, енелерін еміп жүре бергілері келеді.

32. «Қызға қырық үйден тыйым» деуші еді, бүгінде кейбір қыздар үй емес қатарласып көшелерде тұратын болды.

33. «Көрші хақысы-тәңір хақысы » деуші еді, бүгінде ұрылар өз әрекеттерін көршілерден бастайтын болды.

34. «Жақсы әкенің атағы жаман балаға қырық жыл азық болады» деуші еді, бүгінде кезінде әулие, би, батыр атанған бабаларымыздың атағы ұрпақтарына ғасырлар бойы азық болуда.
35. «Жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпас» деуші еді, бүгінде сол аттың кейпін аяқ астынан әкім не бастық болған көптеген пенделер киюде.
36. «Қой көрмеген қуалап өлтіреді» деуші еді, бүгінде қой түгісін қи көрмегендер мал шаруашылығын дамыту туралы заңдар жасауда.
37. «Бұрынғы шыққан құлақтан, кейінгі шыққан мүйіз озады» деуші еді, бүгінде жасына жетпей ел басқаратындардың, айтқаныңды естімейтін, морт сынар қаталдау болатыны содан болса керек.
38. «Көз қорқақ, қол батыр» деуші еді, бүгінде қолыңмен істегенге көзіңмен қарауға шын қорқатын кезең келген сынды.
39. «Таста тамыр болмайды» деуші еді, бүгінде  тастар да өз маңайына тек өзіне ұқсайтын ұсақ тастарды жыйнап алып үлкейіп жатыр.
40. «Жусаннан аласа, бетегеден биік бол» деуші еді бүгінде олай болайын десең, қошқар түгісін кішкене қошақандар да төбеңде ойнайды екен.


41.Бұрында, «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деуші еді, бүгінде ақыл сұрайын десең олар тек өздерінің өте ақылды екендіктері туралы әңгіме айта жөнеледі.

42 . «Иттің иесі болса, түлкінің тәңірісі бар» деуші еді, бүгінде түлкілердің тұқымы таусылып, иттер майдан баса алмай жүр.

43. «Кілем сатсаң ауылдасыңа сат, бір шетіне өзің отырасың» деуші еді, бүгінде жойылуға жуық ауылдардан ең құрмаса кілем сататын азаматтар шықпағаны ма?..

44. «Балық басынан шіриді» деуші еді, бүгінде басынан шірігендер құйрығын да ұстатпайтын болды.

45. «Айдағаның бес ешкі,ысқырығың жер жарады» деуші еді, бүгінде  бес ешкің болса орта шаруаға жатқызылып, әлеуметтік жәрдем ала алмайсың.
46. «Тумаған қашардың уызына жарытқандай» деуші еді, бүгінде депутаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары соған сай келетін секілді.
47. «Байдың асын байғұс қызғанады» деуші еді, бүгінде қызғанарға ас берер бай табу қиын.
48. «Тауықтың түсіне тары кіреді» деуші еді, бүгінде адамдардың түсіне дұрыс жалақымен мезгілінде зейнетке шығып жүргендері кіреді.
49. «Күріш арқасында, күрмек су ішеді» деуші еді, бүгінде саудагерің мықты болса, күріштен гөрі күрмек өтіп кетеді.
50. «Асықпаған арбамен қоян алады» деуші еді, бүгінде асықпасаң қоян түгісін арбаңнан айрылып қаласың.
 51. «Қайғысыз ішкен қара су да ас болады» деуші еді, бүгінде қайғымен ішкен ақ судан мас болып, жас кететіндер көбейіп кетті.
52. «Ит ашуын тырнадан алады» деуші еді, бүгінде тырнаның өзі де қасқырдың жиені болып жатса итекең не істесін?..
53. «Не айтса да көн, байыңдікі жөн» деуші еді, бүгінде әйелдер «әй» деп қалса жаның бақайыңның ұшына барады.
54. «Көп түкірсе көл болады» деуші еді, бүгінде көптің үлесін меншіктеніп алып, жеке байып жатқандар көлге тіптен ұқсамайды.
55. «Ауызы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деуші еді, бүгінде ондай ауыздар туралы сөйлей алатын адамдар табудың өзі қиын.
56. «Арбаның алдыңғы доңғалағы қалай жүрсе артқысы да солай
жүреді», деуші еді, бүгінде олардың артқысы алдыңғысынан озамын деп  жарысқанынан арбалар тез шашылып қалуда.
 57. «Жығылып жатып сүрінгенге күлме деуші еді, бүгінде қоғамымыз тек жығылып жүргендер мен тығылып жүргендерден ғана құралып бара жатқандай...
58. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деуші еді, бүгінде бүркіттен бұйрық келсе олар бір бірін тірідей жеп қояды.
59. «Шөп шыққан жерінен шығады» деуші еді, бүгінде ол қу тақырдан да, тау мен тастан да шыға береді.
60. «Өзі білмейді білгеннің тілін алмайды» деуші еді, бүгінде білмей емес біліп істелетін қателіктер көбейіп бара жатқандай.
 


Ойлар келешекте жалғасын табады деп сенемін.